KAZSPACE ИНЖЕНЕРЛІК-ҒАРЫШ МЕКТЕБІ Қазақстан  Алматы қаласы. Орбита 1, 2

8 (727) 329 77 82

info@kazspace.kz

"Ғарыштық 3D модельдеу" бағдарламасы.

Үш өлшемді графика — үш өлшемді кеңістіктегі көлемді объектілерді модельдеу арқылы бейнелер немесе видео жасау әдістеріне арналған компьютерлік графика бөлімі.

3D-модельдеу — объектінің үш өлшемді моделін жасау процесі. 3D-модельдеу міндеті — қалаулы объектінің визуалды көлемді бейнесін әзірлеу. Бұл ретте модель ақиқат өмірдегі объектілерге (автомобильдер, ғимараттар, ураган, астероид) сәйкес келуі де мүмкін, сонымен қатар толығымен абстрактылы (төрт өлшемді фрактал проекциясы) болуы да мүмкін.

 

3D-модельдеу бойынша курс ұзақтығы: 3 ай.

 

"Авиа модельдеу" бағдарламасы.

Авиамодельдеу бағдарламасы – әртүрлі өлшемдегі, сыныптардағы және құрылымдардағы ұшу аппараттарын өңдеу және жасау. Қазіргі таңда авиамодельдеу мыңдаған адамдардың хоббиіне айналды. Ұшу аппараттарын жасау күрделі және еңбекті көп қажетсінетін жұмыс, сонымен қатар белгілі бір дағдыларсыз іс жүзінде мүмкін емес.

 

 

Курс ұзақтығы: 1 ай.

" Ардуино Робототехникасы" бағдарламасы.

Arduino (Ардуино) — енгізу-шығару тақшасы мен өңдеу ортасы негізгі компоненттері болып табылатын аппараттық есептеу платформасы. Arduino автономдық интерактивті объектілерін жасау үшін қолданылуы да және компьютерде орындалатын бағдарламалық жасақтамаға қосылуы да мүмкін. Arduino да Raspberry Pi сияқты бір тақшалы компьютерге жатады.

 

Arduino тақшаларының ұқсас платформалардан артықшылығы — салыстырмалы түрдегі жоғары емес бағасы және робототехника және электротехниканың әуесқойлары мен кәсіби мамандары арасында іс жүзінде кең таралуы.

 

Курс ұзақтығы: 3 ай.

"Бағдарламалау, сайт жасау" бағдарламасы.

Сайт жасау – тапсырыс берушінің идеясы шынайы жұмыс жасайтын сайтқа немесе интернет-дүкенге айналғанға дейін өтуіне қарай бірнеше кезеңдерден тұратын еңбекті көп қажетсінетін және біршама ұзаққа созылатын процесс. Сайт жасау – әдетте бірнеше мамандар қатысатын процесс.

 

 

Курс ұзақтығы: 2 ай.

"Ғарыш базаларын және планета аралық станцияларын модельдеу және макетдеу" бағдарламасы.

Бағдарлама бүкіләлемдік SPACE бағдарламалары негізінде кеңістік тұрғысынан ойлауды, футуристік фантазияны дамытуға және ғарыш саласының тарихын тануға көзделген.

 

 

Курс ұзақтығы: 1 ай.

"Ғарышкерлік" бағдарламасы.

Ғарышкерлік (грекше. κόσμος — бүкіл әлем және ναυτική — теңізде жүзу өнері, кеме жүргізу) — автоматты және басқарылатын ғарыш аппараттарының көмегімен ғарыш кеңістігін зерттеуге арналған Жер атмосферасынан тысқары кеме жүргізу теориясы мен практикасы.

 

 

Курс ұзақтығы: 1 ай.

 

"2D және 3D анимация. (Мультипликациялау)" бағдарламасы.

3D модельдеу бағдарламаларында жасалған 3D Анимация – шынайы әлемге жақын және жарқын туындымен ерекшеленетін формат. Бұл видеода барлық персонаждар мен объектілер үш өлшемді кеңістікте көлеңкелерімен және суретімен орналасуы әсерінен болады. Аталған бағдарлама бойынша оқыту балалардың кеңістік тұрғысынан ойлауын дамытып, шығармашылық мүмкіндігін арттырады.

Прогресс бір орында тұрмайды. Соңғы жылдары 3D және 2D анимацияға арналған көптеген бағдарламалар жасалды.

 

 

Курс ұзақтығы: 3 ай.

"Ғарыш биологиясы" бағдарламасы

Ғарыш биологиясы — ғарыш аппараттарында ұшу кезінде және ғарыш кеңістігі жағдайында өмір сүру мүмкіндіктерін, сонымен қатар ғарыш кемелері мен станциялары экипаждарының мүшелерінің тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін биологиялық жүйелердің құрылу принциптерін зерттейтін ғылым.

 

Курс ұзақтығы: 2 ай.

Франчайзинг Отделi

+7(800)775-22-33

kazspace@bonplan.ru

г. Алматы,  Орбита 1 дом 2  Навои-Торайгырова

+7 (727) 329 77 82, +7 (777) 3830831

 

Яндекс.Метрика

KAZSPACE Ғарышкерлер мектебі, Алматы қ.

© 2006-2016 Барлық құқықтар қорғалған