KAZSPACE ИНЖЕНЕРЛІК-ҒАРЫШ МЕКТЕБІ Қазақстан  Алматы қаласы. Орбита 1, 2

8 (727) 329 77 82

info@kazspace.kz

Құрылу тарихы

Мектептің негізгі ұжымының білім беру қызметі 2006 жылы кәдімгі конструкторлық бюрода басталды. Біз балаларға 3D модельдеу және анимация бойынша компьютерлік бағдарламаларды үйретумен айналыстық. Оқушылармен бірге компьютерде ғарыш кемелерін, галактикалар, планеталарды жасап жүріп олардың көздерінен жалындаған от пен дүниені тану мен жасауға деген ыстық ынталарын көретінбіз. Біз бағдарламаны ұзақ жасадық. Өндірістен қол үзбей жүріп балалар мен елімізге не керек екенін ұғынуға тырыстық.

"KAZSPACE" ғарышкерлер мектебі 2014 жылы қазан айында "Қайнар" жаңа технологиялар мектебінің негізінде ашылды. Бүгінгі таңда "KAZSPACE" – Алматы қаласындағы 7 мен 16 жас аралығындағы 100-ге жуық бала білім алатын білім беру орталықтарының кең желісі. Қазақстандағы Фесенков атындағы Астрофизикалық институты жанындағы обсерваториямен ынтымақтастық жолға қойылған. Самара мемлекеттік аэроғарыш университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

 

 

Мектеп туралы

 "KAZSPACE" ғарышкерлер мектебі 7 жастан бастап балаларды ғарыш аппараттарының, ғарыш кеңістігінің және де көптеген басқа түпүлгілерді модельдеуді үйретеді. Мектеп балаларды қызықты оқу бағдарламаларымен қатар өзіндік соны оқу түрімен де тартады. Оқуға қабылданған жаңа оқушы жақсы оқуға, Отанды құрметтеуге және болашақта жоғарғы білімді зиялы азамат болуға уәде беріп «KAZSPACE» антын қабылдайды. Мектепке қабылданғаннан кейін әрбір оқушы "KAZSPACE" қызметтік куәлігін, ал бірінші емтихандарды тапсырған соң құрметті алтын немесе күміс жұлдыз алады.

Біз туралы

Мектеп балаларды компьютер ойындары мен теледидар алдынан ажыратып, оларды ғылыми, инженерлік ойлауға дағдыландыруға тырысады. Бұл жерде үйренген дағдылары балаларға мамандық таңдауда нақты шешім қабылдауға көмектеседі. Ал кейбір оқушылар 13-14 жасында-ақ сайттар жасап табыс тауып жүр. «Ресей мен Қазақстанда балаларға инженерлік білім беру саласы жақсы жетілмеген. Сондықтан ата-аналар балаларын қуана-қуана біздің бөлімшелерге алып келеді», - дейді Вадим Цуриков. Барлық тілек білдірушілерді қабылдау мүмкін болмау себебінен оқушыларды іріктеу жүйесі құрылған.

Бағдарламалар:

 

- "Авиамодельдеу",

- "Радиоэлектроника және робототехника",

- "Ақылды үй және автоматтандыру жүйесі",

- "Аппарат жасау",

- "Баламалы энергетика" (күн және жел электр станцияларын модельдеу және құру),

- "Қызықты физика" және "химия" (тәжірибелер),

- "Бағдарламалау, сайт жасау (веб-дизайн), жылжыту және монетизациялау",

- "Ғарыш аппараттарын, ғарыш кеңістігін және Күн жүйесінің түпүлгілерін модельдеу" (көбікті пласт, пластик, карбоннан жасалған нақты түпүлгілер),

- "Автокөлік, әуе көлігі, сәулетті 3D модельдеу" (өнеркәсіптік дизайн),

- «Ғарыш базаларын және планета аралық станцияларын модельдеу» (3D),

- «Интерактивті ойындар жасау үшін компьютерлік 3D интерфейстерді әзірлеу»,

- "2D және 3D анимация" (мультипликациялау)

- «Телескоптар арқылы астрономиялық зерттеу».

 

 

 

Франчайзинг Отделi

+7(800)775-22-33

kazspace@bonplan.ru

г. Алматы,  Орбита 1 дом 2  Навои-Торайгырова

+7 (727) 329 77 82, +7 (777) 3830831

 

Яндекс.Метрика

KAZSPACE Ғарышкерлер мектебі, Алматы қ.

© 2006-2016 Барлық құқықтар қорғалған